г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына КЕҰ-ның қосқан үлесі: есептеуге бола ма?

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына КЕҰ-ның қосқан үлесі: есептеуге бола ма?

Қазақстанда демократиялық үдерістердің дамуымен бірге азаматтық қоғамның да, оның ішінде коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) рөлі артып келеді. КЕҰ-ның  халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қосатыны жөнінде қазіргі кезде көп айтылуда: әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылуда, жүйелік өзгерістерге бастамалар жасалуда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына қызмет көрсетілуде, қалалық кеңістік өзгеруде және т.б. Алайда, әлі күнге дейін тұтастай елдің және де, атап айтқанда, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына КЕҰ-ның қосқан үлесін есептеудің бірыңғай жүйесі жоқ.

2017 жылғы мемлекеттік грант шеңберінде «ЗУБР» ӘКҚ мамандары КЕҰ-дың ӘЭД-ға қосқан үлесін бағалау әдістемесінің жобасын әзірледі. 2018 жылы осы құжатты өзектілік жағдайда ұстау жөнінде іс-шаралар қабылданды, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер қадағаланды, сарапшылар қауымдастығымен, соның ішінде тиісті министрліктердің мамандарымен байланыстар сақталды.

Бүгінгі күні «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан ҮЕҰ-ның үлесін есепке алу әдістемесін енгізу» жобасын іске асыруда[1]. Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлкеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл жоба ӘЭД-ға қосқан КЕҰ-ның (ҮЕҰ) үлесін есепке алу әдіснамасын енгізуге арналған ұйымдастырушылық-құқықтық шарттар құруға және мемлекеттік органдардың, КЕҰ-ның әлеуетін арттыруға, қосқан үлесін бағалау құралдарын қолдануға бағытталған.

Жобада әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан КЕҰ-ның (ҮЕҰ) үлесін бағалау әдістемесін өзектендіру бойынша іс-шаралар, ведомствоаралық келісімді қамтамасыз ету және ҮЕҰ қызметін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар пакетін дайындау жоспарланып отыр. Әдістемелік қолдау шеңберінде ӘЭД-ға қосқан КЕҰ-ның үлесін есепке алуды бағалау әдіснамасын қолдану, оның ішінде әлеуметтік тиімділікті бағалау мәселесі туралы таралымы 350 данадан кем емес, мемлекеттік органдарға арналған нұсқаулық әзірленетін болады.

Оқытудың құрамдас бөлігі барысында республикалық және өңірлік мемлекеттік органдар өкілдері үшін «Әлеуметтік-экономикалық дамуға ҮЕҰ-дың қосқан үлесін бағалау әдістемесі: басқару жүйесіне кірігу» және «Өңір жағдайында ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік тиімділігін бағалау» тақырыбында семинар-тренинг елдегі жетекші ҮЕҰ қатысуымен (25 адамнан кем емес) өткізілді   және ӘЭД-ға қосқан КЕҰ-ның үлесін бағалау әдіснамасын біріктіру үдерісіне тартылған мемлекеттік органдар мамандарына кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету қамтамасыз етілді.Республикалық және өңірлік деңгейдегі мемлекеттік органдардан кемінде 300 маман жоба мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Бұдан басқа, кем дегенде 70 ұйым аумақты (қала / облыс) дамытуға қосқан өз үлестерін есептей алады, бұл салынған инвестицияларды бағалауда және ҮЕҰ-ның орнын анықтауда түбегейлі жаңа көзқарасты көрсетуге мүмкіндік береді.

Жоба бес айға есептелген және 2019 жылғы маусымнан қараша айына дейін жалғасады, ӘЭД-ға қосқан КЕҰ-ның үлесін бағалау әдіснамасын енгізу жөніндегі іс-әрекеттер туралы бүкіл іске асыру кезеңінде БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және қолжетімді Интернет-ресурстарда (#ЗУБР_ЦПГИ_КЕҰ_үлесі хэштегі) жарияланатын болады.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса«ЗУБР» ӘКҚ кеңсесінің 8 7232 51-33-88, +7 705 620 75 86 (Евгения Шрайбер, жоба үйлестірушісі) телефонына не zubr-kz@mail.ru. электрондық мекенжайына хабарласуға болады.



[1]Осы жарияланымдағыкөзқарас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚкөзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін.

44

Related Post

Экспресс-опрос для женщин восточного регионаЭкспресс-опрос для женщин восточного региона

Уважаемые женщины, девушки, девочки! Приглашаем Вас принять участие в экспресс-опросе, который позволит объективно оценить соблюдение прав женщин в нашем регионе. Опрос займет не более 10 минут. Ваше мнение очень важно

Оказание информационной, консультационной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующем государственный социальный заказОказание информационной, консультационной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующем государственный социальный заказ

Консалтинг-Центр «ЗУБР» приступил к реализации проекта «Оказание информационной, консультационной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующем государственный социальный заказ» по заказу Комитета по делам гражданского общества Министерства по делам религий

Проект завершаетсяПроект завершается

Социальный корпоративный фонд «ЗУБР» (г. Усть-Каменогорск) завершает работу над проектом «Расширение социально-экономических возможностей женщин ВКО за счет создания инструментов, помогающих удовлетворить их потребности и защитить их права» при поддержке Канадского