г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…

2018 жылдың тамызында Қазақстанның мемлекеттік органдарында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалар пайда болды. Бұл шараның мақсаты мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету  және оларды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму міндеттерін шешуге тарту болып табылады.

Өз кезегінде уәкілетті тұлғалар мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ байланыстырушы өзіндік бір «буынға» айналуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік органның деңгейіне байланысты лауазымның төменгі шектері бар:

Орталық деңгейде — Департамент директорының орынбасарынан төмен емес

Облыстық деңгейде —  Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарынан төмен емес

Облыстық басқармалар деңгейінде — Басшы орынбасарынан төмен емес

Аудандық деңгейде — Аудан әкімінің орынбасарынан төмен емес.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар құрастырды және оларды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберді. Бұл нұсқаулықтардың, өкінішке қарай, заңнамалық негіздері жоқ, олар ұсынымдық сипатқа ие және оларды орындау міндетті емес. Бұл жаңа лауазым емес, тек әрекеттегі мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жүктеме екендігін айтып өту керек. Шамасы, сондықтан да уәкілеттілер әрбір мемлекеттік органда анықталмаған болып отыр.

Сіздің ойыңызша ҮЕҰ және мемлекеттің өзара іс-қимылы қалай құрылуы тиіс?

Материал ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Уәкілетті лауазымды адамдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасы аясында «ЗУБР» КО жарияланды.

416

Related Post

Гранттық ұсыныстар неліктен қабылданбайды?Гранттық ұсыныстар неліктен қабылданбайды?

Қабылдамаулардың негізгі себептерін түсіну сізге қаржыландыру алу мүмкіндігі жоғары күшті ұсыныстарды жасауға көмектеседі. Нені баса көрсету керек? Негізгі қорытынды:Күшті гранттық өтінім мұқият жоспарлаудан және донордың басымдықтарымен толық сәйкестендіруден басталады.Қосымша кеңес

Консультанты Ресурсного центраКонсультанты Ресурсного центра

Уважаемые коллеги! Если у Вас есть вопросы, касающиеся: — стратегического развития организации, — обеспечения финансовой устойчивости, — юридических аспектов деятельности, — ведения бухгалтерского учета, — управления проектами, — управления персоналом,

ЭФФЕКТИВНОСТЬ РЕАЛИЗАЦИИ ГОСУДАРСТВЕННОГО СОЦИАЛЬНОГО ЗАКАЗАЭФФЕКТИВНОСТЬ РЕАЛИЗАЦИИ ГОСУДАРСТВЕННОГО СОЦИАЛЬНОГО ЗАКАЗА

Консалтинг-Центр «ЗУБР» продолжает свою деятельность  в рамках проекта «Оказание информационной, консультативной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующим государственный социальный заказ» по заказу Комитета по делам гражданского общества Министерства по