г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…

2018 жылдың тамызында Қазақстанның мемлекеттік органдарында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалар пайда болды. Бұл шараның мақсаты мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету  және оларды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму міндеттерін шешуге тарту болып табылады.

Өз кезегінде уәкілетті тұлғалар мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ байланыстырушы өзіндік бір «буынға» айналуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік органның деңгейіне байланысты лауазымның төменгі шектері бар:

Орталық деңгейде — Департамент директорының орынбасарынан төмен емес

Облыстық деңгейде —  Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарынан төмен емес

Облыстық басқармалар деңгейінде — Басшы орынбасарынан төмен емес

Аудандық деңгейде — Аудан әкімінің орынбасарынан төмен емес.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар құрастырды және оларды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберді. Бұл нұсқаулықтардың, өкінішке қарай, заңнамалық негіздері жоқ, олар ұсынымдық сипатқа ие және оларды орындау міндетті емес. Бұл жаңа лауазым емес, тек әрекеттегі мемлекеттік қызметкерлерге қосымша жүктеме екендігін айтып өту керек. Шамасы, сондықтан да уәкілеттілер әрбір мемлекеттік органда анықталмаған болып отыр.

Сіздің ойыңызша ҮЕҰ және мемлекеттің өзара іс-қимылы қалай құрылуы тиіс?

Материал ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Уәкілетті лауазымды адамдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасы аясында «ЗУБР» КО жарияланды.

141

Related Post

Диалоговая площадкаДиалоговая площадка

Приглашаем Вас принять участие в Диалоговой площадке для представителей НПО и экспертного сообщества ВКО и Абайской области, организованной в рамках проекта Социального корпоративного фонда «ЗУБР» «Расширение социально-экономических возможностей женщин» при

Семинар-тренинг. Приглашаем к участию!Семинар-тренинг. Приглашаем к участию!

16-17 июня в г.Семей пройдет семинар-тренинг «Школа гражданских инициатив: разное происхождение – равные возможности» (в рамках государственного заказа ГУ «Управление внутренней политики ВКО»).   Основными блоками в семинаре-тренинге выступят –

Семинар-тренинг УПРАВЛЕНИЕ ПРОДАЖАМИ: стратегия и тактикаСеминар-тренинг УПРАВЛЕНИЕ ПРОДАЖАМИ: стратегия и тактика

  Дата проведения:  28 ноября 2014 года   Семинар предназначен дляруководителей предприятий, заместителей руководителя, начальников подразделений   Цели семинара:      Оценить сильные и слабые стороны существующей в компании системы