Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы, оның незгі қиындықтары
Рубрики:
Дүние жүзінде әлеуметтік мәселелерді шешудің, мемлекет қолдауынан басқа, ең тиімді жолдарының бірі әлеуметтік кәсіпорындарды ашу болып табылады. Мұндай қолдау түрі көмекті қайырымдылық акциялар арқылы көрсету ғана емес, қоғамға пайдалы істі өзара тиімді шарттар негізінде құру. Яғни, әлеуметтік топ өкілдері игіліктерді тұтынушылар ғана емес, оларды жасаушылар бола алады. Әдетте, мұндай бизнес түрін жүргізуде, мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер қарастырылған.
Бүгінгі таңдағы ҚР заңнамасында «әлеуметтік кәсіпорын» не «әлеуметтік кәсіпкерлік» деген нақты бекітілген түсінік жоқ. Нәтижесінде, мемлекет тарапынан бизнестің мұндай түрін жүргізу үшін тиімді шарттар ұсынылмаған. Заң тұрғысынан әлеуметтік кәсіпорындар үкіметтік емес ұйым, не коммерциялық кәсіпорын түрінде құрыла алады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда тәжірибе көрсеткендей, үздік әлеуметтік кәсіпорындардың үлгілері бар, бірақ олардың саны айтарлықтай көп емес. Көбіне мұндай кәсіпорындар үкіметтік емес ұйымдар түрінде, мысалы, мүгедектер қоғамы ретінде құрылады. Әрі мұндай кәсіпорынның жетекшісі осы аталған топтың өкілі болуы жиі кездеседі. Бастапқыда ортақ мәселелерді шешіп, мақсаттарға жету үшін ашылған ұйымдар уақыт өте келе өздерін және отбасыларын қамтамасыз ету үшін даму қажеттігін түсінеді.
Тиімділігіне қарамастан елімізде әлеуметтік кәсіпорындар ашу кең етек жая қоймады. Бұл ретте тұрғындардың түрлі санаттары әлеуметтік мақсаттары мен жобаларын әлеуметтік кәсіпорын түрінде жүзеге асыру үшін көптеген белгілі себептерге байланысты, жеткілікті білім деңгейі мен машықтарының жетпеуі негізгі рөл атқаруда. Әлеуметтік кәсіпорынды жобалау мен ісін жүргізуді ЖОО-да оқытпайды. Қазіргі кезде экономикалық мамандық алып жатқан студенттерге әлеуметтік жобаларды коммерциялаудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы үйрететін жеке мамандықты қойып, жекелеген пәндер де жоқ. Ал «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы қандай да бизнес жүргізу негіздерін үйретуге бағытталмаған, тек азаматтардың нақты бір бөлігімен жұмыс істеуді үйретеді. Түрлі республикалық бастамалардың да аясы тар: бизнес-бастамаларды, не болмаса әлеуметтік қолдау саласына көмек көрсету іс-шараларымен шектеледі.
Бірнеше жыл қатарынан Қазақстанда әлеуметтік кәсіпорындардың дамуын жандандыру бойынша жекелеген әрекеттер қолға алынып, олар өзіндік жетістіктерге жеткендігін атап өткен жөн. Бірақ, атқарылған жұмыстардың сабақтастығы мен нәтижесін саралайтын орталықтандырылған бірыңғай жүйе бүгінгі күнге дейін жоқ. Сондай-ақ, алдағы уақытта тиісті заңнамалық база негізіне пайдаланылатындай бұл салада бірыңғай білім жүйесі де қарастырылмаған.
«ЗУБР» ӘКҚ жүргізген әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласы бойынша қоғамдық пікірді зерттеу қорытындысы бойынша көптеген азаматтар «әлеуметтік кәсіпкерлік» туралы естігенімен, бірақ олардың негізгі мән-мағынасы туралы нақты түсінігі жоқ. Қоғам әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы пайда табу мүмкіндігін қабылдау қиынға соғуда. Көпшіліктің санасында: «бизнес-табыс», «әлеуметтік – тек шығын, үнемі қаржыландыруды талап етеді» деген қағида қалыптасқан. Сондықтан да адамдарға бұл кереғар екі ұғымды бір анықтамаға тоғыстыру өте қиын.
Қоғамдық сектор өкілдері әлеуметтік кәсіпорындар қызметінің мақсаты туралы теориялық түрде құлағдар, бірақ пайда түсіретін жұмыс кестесін құру үшін коммерциялық тұрғыда дайын емес. Көп жағдайда мемлекет тарапынан қолдауға иек артады. Ал коммерциялық сектор өкілдерін әлеуметтік сала қызмет жүргізу бағыты ретінде қызықтырмайды. Сондықтан да болар олар үкіметтік емес ұйымдарға қарағанда нақты әлеуметтік топтармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, олардың қыжеттіліктері мен олармен жұмыс ерекшеліктерімен таныс емес. Сол себепті жұмысты басқа түсінікті салаларын қарастыра бастайды. Ал әлеуметтік әлжуаз топ өкілдері түрлі факторларға байланысты өз мәселелерін шешуде өте құлықсыз болады.
Қоғамның барлық секторының өкілдері әлеуметтік мәселелерді шешу ортақ мүдде (тек қана мемлекеттің емес) екендігін, сондай-ақ, мұндай қызмет түрінен қоғамда оң өзгерістер болатындығын түсінеді, бірақ көпшілігі өз күшімен нақты қадамдарға дайын емес. Қоғам әлеуметтік кәсіпорындарға сенеді, бірақ әлеуметтік кәсіпорындар елімізде басқадай іс жүргізу түрлеріне қарағанда артықшылық беретін ресми статусқа ие болмай, оның танымал болуы екіталай.
Бүгінгі коммерциялық ұйымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мүмкіндіктері мен түрлері туралы көпшілік біле бермейді, яғни, ашылуы көзделген әлеуметтік кәсіпорындарды құру мен дамытуға мүмкіндік ретінде ешкім қарастырмайды.
Әлеуметтік кәсіпкерлік кең таралуы үшін оны ақпараттық қолдау және әлеуметтік кәсіпкерлікті оқыту қажеттілігі туындаған.
Жастардың әлеуметтік кәсіпорын сияқты істі жүргізудің түріне қарым-қатынастары көңіл қуантарлық. Жастарды бір жағынан жаңа дүниелер, басқалардікіне ұқсамайтын қалыптан тыс әрекет өте тартады. Бір жағынан жастар табиғатынан белсенді, бастамашыл әрі тәуекелге бел буғыш келеді. Біз қалың бұқара арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті тарату үшін жастарды тарту өте орынды деп білеміз.
Жоба аясында: әлеуметтік жобалаудың жаңа жолдарына үйрететін оқыту бағдарламаларын,government relations, әлеуметтік коммуникациялардағы фандрайзинг, оқыту курстарын құруды елдің барлық өңірлерінде өткізіп, ең соңында Нұр-Сұлтан қаласында жастардың Үкіметтік емес ұйымдары лидерлерінің қатысуымен конференция өткізу»
Бұл жоба Жастар жылы аясында «ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC)»КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде жүзеге асады.
54