г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Орталық және Шығыс аймақтарда 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың мониторингі

Орталық және Шығыс аймақтарда 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың мониторингі

Қазақстанда азаматтық қоғамды қолдап, дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін көптеген бағдарламалар іске асырылуда. ҮЕҰ мемлекет пен қоғам арасында делдал болып, үкімет жоспарлаған іс-шараларды жүзеге асырады. Бірақ, олардың өздеріайтқандай, сеніңіз, бірақ тексеріңіз!

«ЗУБР» консалтинг орталығы Қазақстан Республикасының діністеріжәнеазаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам комитетінің тапсырысы бойынша «Орталық және Шығыс аймақтарда (Астана, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында) 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды мониторингілеу»жобасын іске асыруға кірісті.

Жобаның негізгі мақсаты — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша уақтылы және жедел шаралар қабылдау болып табылады.

Жоба ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікжасауға бағытталған. Біз үкіметтік емес сектордың жобалық қызметіндегі кемшіліктерді тексеретін аудиторлар ретінде әрекет етпейміз, бірақ жобаларды іске асыруда ортақ тәсілдерді әзірлеу, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бақылау әдістерін енгізудегі озық тәжірибелерді бөлісу үшін аймақтардағы тапсырыс берушілермен және тапсырыс орындаушыларменбірлесіп әрекет етеміз.

Іс-шара барысында біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіру және жалпы алғанда жергілікті жердегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мүмкіндігін іздестіреміз. Біз жоба сарапшыларына, үкіметтік емес сектордың көшбасшыларына, бей-жай емес адамдарға «қосылуға» қуаныштымыз!

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде көрсетілетін қызметтер сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері бойынша жобаға қатысушы әрбір өңір үшін қызмет алушылардың қанағаттану дәрежесі туралы пікір қалыптастырылады және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сапасын жақсарту үшін ұсынымдар мен ұсыныстар жасалады.

 

Жоба командасының байланыстары:

Өскемен қаласы

«ЗУБР»консалтингтік орталығы

Zubr.ukg@gmail.com

8 7232 51 33 88

Васильева Наталья

385

Related Post

Буклет. Жасанды интеллект / Искусственный интеллектБуклет. Жасанды интеллект / Искусственный интеллект

Сіздерге «Жасанды интеллект: қалай бастау керек және оны қауіпсіз пайдалану керек» атты жаңа буклетті ұсынамыз. Бұл буклетте сіз мыналарды таба аласыз: Бұл буклет әртүрлі тәжірибе деңгейіндегі пайдаланушыларға арналған. Оны жеке

Cеминар «Ключевые навыки для трудоустройства»Cеминар «Ключевые навыки для трудоустройства»

Уже завтра, СКФ «ЗУБР» проводит семинар «Ключевые навыки для трудоустройства» в рамках проекта «Реализация комплекса мер по системной работе со студентами вузов, трудоустройству и адаптации выпускников на рынке труда»по заказу

Возможности совершенствования системы государственного социального заказаВозможности совершенствования системы государственного социального заказа

С октября 2020 года Консалтинг-Центр «ЗУБР» работает над проектом «Повышение прозрачности и эффективности системы государственного финансирования социальных проектов НПО в РК» Данный проект реализуется в рамках гранта Программы по поддержке