г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости ШҚО ЖОО студенттерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерделеу үшін ЗЕРТТЕУ жүргізілді

ШҚО ЖОО студенттерінің әлеуметтік-экономикалық портретін зерделеу үшін ЗЕРТТЕУ жүргізілді

Қазіргі кездегі экономикалық және техникалық прогрестің жоғары қарқынына байланысты студенттердің еңбек нарығының өзгермелі жағдайларына бейімделу мәселесі ерекше маңызды болып отыр.  

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ-нің тапсырысымен жүзеге асырылған жоба аясында студенттердің әлеуметтік-экономикалық портретін, ЖОО түлектерін облыстың әлеуметтік-экономикалық процестеріне қосудың фондық жағдайын зерттеу мақсатында кешенді зерттеу жүргізді.  

Сауалнамаға Шығыс Қазақстан облысының 7 жоғары оқу орнының 1000-нан астам студенттері мен түлектері (18 бен 29 жас арасындағы азаматтар) қатысты.

Олардың көпшілігі өз танымдары бойынша, жоғары білім — таңдаған мамандығы бойынша барынша сапалы кәсіби даярлық алу мүмкіндігі (63%) немесе «жеңіл дағдыларды» игеру және дамыту мүмкіндігі (9%) деп санайды.  Алайда, студенттер мен түлектердің бестен бір бөлігі үшін бұл тек жұмысқа орналасу және/немесе мансаптық өсуде алға жылжу талаптарына сай болғызатын формальды мүмкіндік. 

Респонденттердің жауаптарын негізге алғанда, жұмысқа орналасуда шешуші рөл атқаратын негізгі 5 шарт мынадай болды:  

  1. Еңбек ақының жоғары деңгейі
  2. Мансап сатысымен және кәсіби өсу мүмкіндігі
  3. Жеке еңбек шартының болуы
  4. Мамандық/бейін бойынша жұмыс (дипломға, дағдыға сәйкес)
  5. Ресми («ақ») жалақы

 

Бұл рейтинг Өскемен және Семей қалаларында студенттермен өткізілген «Болашақтағы еңбек нарығы — қиындықтарға қалай және немен жауап беру керек?» тақырыбындағы пікірталас кезінде расталды. Бұдан студенттердің көпшілігінің үміттері тым жоғары және объективті өзіндік диагностикада проблемалары бар екені көрінеді.

Кешегі студенттердің кәсіби құзыреттілік деңгейіне жұмыс берушілердің айтарлықтай күмәнмен қарайтын қатынасы ешкімге де жасырын емес.Тиісінше, түлекке арналған орташа жалақы туралы айтқан кезде, бұл факторды ескеру қажет.

Алайда, диаграммада көрсетілген ақпараттан көріп отырғанымыздай, жастардың амбициясы әрқашан олардың кәсіби құндылықтарына сәйкес деп айтуға болмайды.

Респонденттердің 5% -дан сәл азы ғана 60 мың теңгеден төмен жалақыны мөлшерлейді. Өздерінің кәсіби дағдыларын 60 мың тг. — 90 мың тг. аралығында бағалайтындар 14% шамасында.

Түлектердің төрттен біріне жуық дерлігінің күтетін жалақысы 90 мың тг.- 120 мың тг. аралығында. 

Ең көп кездесетін жауап нұсқасы — 120 мың тг. — 150 мың тг. аралығындағы жалақы болды. 

Жас мамандардың үштен бірінен аз бөлігі өздерін орташа деңгейден жоғары жалақы алуға лайықты деп санайды (150 мың тг. астам).  

Кейбір кәсіпкерлер білім беру бағдарламалары еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмейді деп санайды. Өз кезегінде, «Кадрлық жастар саясаты: қиындықтар мен өсу орындары» тақырыбындағы диалог алаңында университет қызметкерлері білім беру бағдарламаларын өзгерту және жаңа мамандықтарды ашу процесі — білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлерін үйлестіруді талап ететін, көп еңбек сіңіруді қажет ететін процесс екенін байқады.  

Қазіргі үнемі өзгеріп отыратын әлем болмысында, өмір бойы оқуға тура келеді. Ал ЖОО кәсіби желідегі бастапқы орын ретінде қалады – дәл осы жерде кәсіптік дағдыларды игеруді, сондай-ақ оқуға қабілеттілікті дамытуды бастауға болады.

«ЗУБР»әлеуметтік корпоративтік қоры

Related Post

Как пользоваться Социальным калькуляторомКак пользоваться Социальным калькулятором

Уважаемые друзья, коллеги! Предлагаем Вашему вниманию видео инструкцию «Социальный калькулятор». Мы постарались подробно показать и рассказать, как пользоваться этим ресурсом. Нужные Вам расчеты можно сделать, не выходя из дома в

Проведена обучающая консультация (офлайн) по разработке социального проектаПроведена обучающая консультация (офлайн) по разработке социального проекта

13 сентября 2023 года проведена обучающая консультация (офлайн) по разработке социального проекта для 22 руководителей и методистов частных дошкольных учреждений города Усть-Каменогорск. В ходе мероприятия консультанты СКФ «ЗУБР» показали основные

ВИРТУАЛЬНАЯ ВЫСТАВКА СОЦИАЛЬНЫХ ИДЕЙ И ПРОЕКТОВВИРТУАЛЬНАЯ ВЫСТАВКА СОЦИАЛЬНЫХ ИДЕЙ И ПРОЕКТОВ

Дорогие друзья! Ресурсный центр поддержки и развития гражданских инициатив ВКО продолжает работу над Виртуальной выставкой социальных идей и проектов. Наверное, каждому из нас хочется, чтобы его деятельность, деятельность его организации