г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР ЕО 2024-27,Новости Қоғамдық сараптама технологиялары. I оқыту кезеңі

Қоғамдық сараптама технологиялары. I оқыту кезеңі

2025 жылдың 12 және 13 наурызында Астанада «Қоғамдық бақылау» үкіметтік емес ұйымдардың Республикалық Коалициясының мүшелері және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қоғамдық бағалау жүргізудегі оң өзгерістердің қозғаушы күші болуға дайын жетекші үкіметтік емес ұйымдар мен сараптамалық қоғамдастық басшылары үшін «Қоғамдық сараптама технологиялары» атты 1 оқыту бағдарламасы (семинарлар сериясынан) өтеді.

Оқыту барысында сараптаманы бастау және жүргізу үшін өзекті заңнамалық база ұсынылатын болады. Семинарға қатысушылар қоғамдық сараптамаға қатысушы тараптардың рөлдері мен жауапкершіліктерін, сондай-ақ нәтижелердің адвокациясы мүмкіндіктерін талқылайды. Жоба командасы мынадай маңызды құрамдас бөліктерге тоқталатын болады: сараптама жүргізу стратегияларын әзірлеу, зерттеулер жүргізу кезінде қоғамдағы стереотиптердің әсері, практикадан жағымды және жағымсыз кейстер.

2024 жылдың мамыр айынан бастап «ЗУБР» Консалтинг-орталығы (Өскемен қ.) Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Қостанай облысының Азаматтық альянсы «ГрИн» ҚҚ-мен серіктестікте үш жылдық жобаны іске асыруда. Жоба Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды бағалауға қатысу арқылы азаматтық қоғам ұйымдарының ықпалын күшейтуге бағытталған.

825

Related Post

Методическая встреча по грантовому конкурсуМетодическая встреча по грантовому конкурсу

7 апреля в 10:00 приглашаем на методическую встречу, посвящённую грантовому конкурсу Ресурсного центра поддержки гражданских инициатив ВКО. На встрече эксперты расскажут об условиях и требованиях конкурса, порядке подачи заявки и

Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепіліӘйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры (Өскемен қ.) Канадалық Жергілікті Бастамалар Қорының қолдауымен «Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі» жобасын іске асыруды бастады. Жобаның негізгі мақсатыәйелдердің жеткілікті өмір сүру деңгейіне

Приглашаем на семинар «Социальные права: что, где, когда»Приглашаем на семинар «Социальные права: что, где, когда»

СКФ «ЗУБР» приглашает на семинар «Социальные права: что, где, когда» в рамках проекта «Экономическая независимость женщин – залог успешности будущих поколений» при поддержке Канадского Фонда Местных Инициатив. Дата мероприятия: 4