г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости ҮЕҰ ӘЭД қосатын үлесін бағалаудың 3 себебі

ҮЕҰ ӘЭД қосатын үлесін бағалаудың 3 себебі

Бүгін Қазақстанда басқа елдердегі сияқты азаматтық қоғамға қатысты 2 маңызды ұғымдар пайдаланылады:

«коммерциялық емес ұйымдар» (КЕҰ) – табыс табуды басты  мақсат тұтпайдын және алынған таза табысты қазақстандық заңнамаға сәйкес қатысушылар арасында бөліп алмайтынзаңды тұлғалар,

және «үкіметтік емес ұйымдар» (ҮЕҰ)– азаматтар не (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар ерікті түрде ҚР заңнамасына сәйкес ортақ мақсаттарына жету үшін құратын  коммерциялық емес ұйымдар (саяси партия, кәсіподақтар мен діни ұйымдарды айтпағанда)

Мысалы, мемлекеттік мектептер, ауруханалар, кітапханалар, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары коммерциялық емес ұйымдар болып табылады, бірақ ҮЕҰ-ға жатпайды.

Аздаған статистика

Қазақстанда 437 654 заңды тұлға тіркелген. Өкінішке орай, коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) саны бойынша нақты деректер жоқ (алдағы уақытта ресми сұраулар жасайжатармыз). Ал ҮЕҰ (ҚР ӘМ infonpo.kzсайтында  көрсетілген деректері бойынша)оның саны— 22 398, бұл елдегі заңды тұлғалардың жалпы санының 5% — ын құрайды. Сонымен қатар, ҮЕҰ-дың тек 64% — ы ҚР ҚМ МКК деректері бойынша жұмыс істейді, ал ҮЕҰ-дың деректер базасында (ҚР МИОР) ұйымдардың 20,6% — ы тіркелген. Сонда   22 398ҮЕҰ бар деген сан қайдан шықты? 

«Кімді және қалай санау керек» деген алғашқы сұраққа жауап табу үшін, талдау көрсеткендей, заңға өзгеріс енгізу керек.  

Ұсынылып отырған әдістеме КЕҰ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты ұйымдық-құқықтық нысандарын ғана қамтиды. Алайда, нақты ҮЕҰ-ға жататын БҚН деректерінің тізбесі заңнамада тікелей бекітілмегендіктен және бүгінгі күні жанама түрде анықталатындықтан, әдістеме мәтінінде тиісті нормативтік құқықтық актілерде заңнамалық бекіту үшін ұсынылатын ҮЕҰ БҚН тізбесі келтірілген.

 

Ал екінші сұрақ – «нені және не үшін санау керек?»

Бірінші себеп (ҮЕҰ өздері үшін).

ҮЕҰ-ның жекелеген өңірдің де, тұтастай алғанда елдің де әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету деңгейін бағалау үшін. ҮЕҰ-дың аймаққа қандай ресурстарды тартатынын біліп, әлеуметтік инновацияларды іске асыруда сенімді   серіктес болу.

 

Екінші себеп (мемлекеттік органдар үшін).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар мен сыйлықтар түрінде мемлекет салатын инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін. Әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін, оның ішінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл арқылы стратегиялық шешімдерді түсіну және негіздеу үшін.

Қазақстанда Ұлттық шоттар мен статистикалық есеп жүйесінің болуына қарамастан бүгінгі күні мамандандырылған статистикалық көрсеткіштер жоқ, мемлекеттік органдар коммерциялық емес ұйымдардың, тұтастай алғанда, үкіметтік емес ұйымдардың даму серпінін қадағалауға мүмкіндік беретін метадеректерді қалыптастырмайды.

Үшінші себеп (тұрғындар үшін).

Қандай ҮЕҰ-ға бару керектігін, түрлі қажеттіліктерді атқару үшін ҮЕҰ қызметін қалай пайдалануға болатынын білу үшін: қарапайым өмірлік «басыңа баспана табу» мен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуден бастап, шешім қабылдауға қатысу, өзіңді дамытуға және т.б. үшін сонымен қатар ҮЕҰ қызметі туралы көзқарасын кеңейту үшін.

Айта кету керек, Қазақстан халқы ҮЕҰ қызметі туралы өте үстіртін біледі. Елдің дамуына нақты үлес қосу мәселесі де көпшілік үшін түсініксіз болып қалады, осы сұраққа әрбір 5-інші сұралушы жауап беруге қиналды, ал 16% ҮЕҰ ешқандай үлес қоспайтыны туралы пікір білдірді («ЗУБР» ӘКҚ сауалнамасының нәтижелері бойынша).

Осы сұрақтарға жауап іздеуді және ӘЭД-ға қосатын  ҮЕҰ үлесін бағалау әдістемесін енгізуді жақтаушылар мен оған қарсы адамдар жеткілікті  

Өзіңізді қай топтан көресіз?

Әдістеме жобасымен осы постқа қосымшадан таба аласыздар, албарлық сұрақтарыңызды «ЗУБР» ӘКҚ қоюға болады 8 7232 51-33-88, +7 705 620 75 86 (Евгения Шрейбер, жоба үйлестірушісі) немесе   e-mail:zubr-kz@mail.ru.

#ЗУБР_ЦПГИ_Вклад_НКО #CISC #CISCKZ

 

 

1

Related Post

В городах Усть-Каменогорск и Семей прошли семинарыВ городах Усть-Каменогорск и Семей прошли семинары

В городах Усть-Каменогорск и Семей 2 и 6 октября прошли семинары «Ключевые навыки для трудоустройства» в рамках проекта «Реализация комплекса мер по системной работе со студентами вузов, трудоустройству и адаптации

Консультационная встречаКонсультационная встреча

В проекте «Модель интегрированных специальных услуг — мультипликация опыта» (реализуемый при спонсорской поддержке Фонда Евразия Центральной Азии) предусмотрено проведение консультаций с творческими группами в пилотных районах, где проходит апробация интегрированной

Там, где нас ждут…Там, где нас ждут…

В рамках действующего международного проекта «Инвестиции в регионы как основа конкурентоспособного государства», реализуемого при финансовой поддержке Европейского Союза, проектная команда из числа представителей Консалтинг-Центра «ЗУБР», Казахстан и Центра содействия экономическому