г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жағдай қалай болуда?

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жағдай қалай болуда?

     Қазіргі уақытта ҚР заңнамасына әлеуметтік кәсіпоры деген ұғымның енгізілмегенінен бастайық. Дегенмен, соңғы онжылдықта ҮЕҰ-ның арқасында  осы әлеуметтік технологияны белсенді талқылау жүргізілуде. Теориялық әдебиетте бұл туралы көптеген ұғымдар бар. Негізі,  анықтамалардың мәнін былай деп қысқаша айтуға болады: әлеуметтік кәсіпорын — бұл әлеуметтік мәселені шешетін шығынсыз кәсіпорын.
Осы анықтамаға сәйкес келетін ұйымдар бізде ресми емес мәліметтер бойынша 600-ге жуық.
     Оған қоса, заңнамалық бекітілген термин болмаған жағдайда әлеуметтік кәсіпорын (кәсіпкерлік) Қазақстан Республикасында ҮЕҰ мен мемлекеттің өзара іс — қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарда «ҮЕҰ әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде қосымша инвестициялар тартуға оқыту бойынша семинарлар өткізу» тармағы көрсетілген. Жоспардың осы тармағына Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаражат бөлуді де қарастырыпты: 2017 жылы — 4 500,0 мың теңге, 2018 жылы — 5 000,0 мың теңге, 2019 жылы — 5 500,0 мың теңге, 2020 жылы — 6 000,0 мың теңге.  Демек, әлеуметтік кәсіпкерлік технологиясын енгізу бойынша жұмыс қолданыстағы нормативтік-құқықтық базада табысты жүргізілуде.
     БЖК-2020 Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беріледі, оның ішінде: ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға экономиканың басым секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде мемлекеттік гранттар беріледі.
 
 
     Бүгінде әлеуметтік кәсіпкерлер қоғам мен бизнестің белсенді бөлігіне айналуда. Олар әлеуметтік мәселелерді шеше отырып, масылдықтан бас тарту мәдениетін қалыптастыра отырып, жұмыс орындарын құра отырып, жаңа бизнесті ашуға және дамытуға дайын.
     Өз кезегінде «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры болашақ және әрекеттегі әлеуметтік кәсіпкерлер үшін оқыту, кеңес беру қызметтерін ҚР АжҚДМ қолдауымен АБҚО  ҰАҚ (CISC)  мемлекеттік грантының шеңберінде «Әлеуметтік жобалаудағы жаңа тәсілдерге, government relations, фандрайзинг, әлеуметтік коммуникацияларға, білім беру курстарына оқыту бағдарламасын әзірлеу» жобасын іске асыру барысында, ел аймақтары бойынша Нұр-сұлтан қаласында финалдық  және жастар ҮЕҰ көшбасшыларының конференциясын өткізу»  аясында көрсетеді.
 
     Әлеуметтік желілерде және біздің сайтта жобаның іске асырылу барысын қадағалаңыз www.zubr-consulting.kz 
459

Related Post

Что нужно знать о межнациональных отношениях?Что нужно знать о межнациональных отношениях?

   Специалисты Социального корпоративного фонда «ЗУБР» провели цикл митап-встреч «Межнациональное единство и согласие народа Казахстана – основа для создания единой нации» в Бородулихинском районе (23 августа 2016г.), Бескарагайском районе (24

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…

2018 жылдың тамызында Қазақстанның мемлекеттік органдарында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалар пайда болды. Бұл шараның мақсаты мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету 

Семинар-тренинг. Приглашаем к участию!Семинар-тренинг. Приглашаем к участию!

16-17 июня в г.Семей пройдет семинар-тренинг «Школа гражданских инициатив: разное происхождение – равные возможности» (в рамках государственного заказа ГУ «Управление внутренней политики ВКО»).   Основными блоками в семинаре-тренинге выступят –