г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы. Әдістемелік орталық өз жұмысын бастайды

Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы. Әдістемелік орталық өз жұмысын бастайды

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры негізінде ағымдағы жыл бойы қазақстандық сәйкестік пен  ұлтаралық келісімді нығайту және қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-оқыту кампаниясын қарастыратын Әдістемелік орталық әрекет ететін болады (жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылады).

 Аталмыш жоба аясында ұлтаралық келісім мен бірлік мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беретін  іс-шаралар кешені қарастырылған.

 Ақпараттық-оқыту кампаниясы аясында «Азаматтық бастамалар мектебі: шығу тегі түрлі, мүмкіндіктері бір»  семинар-тренингтері, Шығармалық зертханалары мен Қоғамдық пікірталастар, әлеуметтік желілерде өзін қауіпсіз ұстау мәселелері бойынша ТжКББ  мекемелері мен ЖОО студенттерінің қатысуымен түрлі кездесулер қарастырылған. Іс-шаралардың өткізілу мерзімі қосымша хабарланып отырылады.

 Жобаның екінші құрамдасы, ақпараттық-әдістемелік бөлім бейнесабақтар, қалта анықтамалықтарын, әлеуметтік шиеленістерді реттеуге бағытталған жадынамаларды, тақырыптық PR-өнімдерді, жастар және тұрғындармен жұмыс істеуге үйрететін түрлі әдістемелік материалдарды шығару  мен жоба барысы туралы мақалалар жазуды қарастырады.

Жобаның іс-шараларына қатысу үшін мемлекеттік сала, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйлері, ҮЕҰ, жастар орталықтары, Қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары шақырылады. 

Жобаға қатысуға ниет білдіргендер «ЗУБР» әлеуметтік корпортаивтік қорының кеңсесіне Кнауб Екатеринаға хабарласа алады:   телефоны 8 (7232) 51-33-88 немесе электрондық поштасы zubr-kz@mail.ru.

3

Related Post

Как пользоваться Картой социальных потребностейКак пользоваться Картой социальных потребностей

Представляем Вашему вниманию видео инструкцию «Карта социальных потребностей». Мы постарались подробно показать и рассказать, как пользоваться этим ресурсом. На ресурсе собрана информация об организациях, местах оказания социальных услуг населению города

В городе Караганда проходит семинарВ городе Караганда проходит семинар

Сегодня стартовал двухдневный семинар-тренинг в городе Караганда «ЭФФЕКТИВНОЕ УПРАВЛЕНИЕ ПРОЕКТАМИ: ТОЧКИ РОСТА», проводимый в рамках проекта СКФ «ЗУБР» по проведению серии обучающих мероприятий и обменных визитов для действующих проектов ПМГ

Болевые точки государственного социального заказаБолевые точки государственного социального заказа

В конце 2020 года Консалтинг-Центром «ЗУБР» была проведена серия онлайн-сессий, направленных на выявление и обсуждение проблемных и спорных моментов в процессах реализации государственного социального заказа. В обсуждении приняли участие представителипрофильныхуполномоченных