г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыстар факторы, тәуекелдер мен болашағы

ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыстар факторы, тәуекелдер мен болашағы

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры  28 маусым күні Өскемен қаласында  «ҮЕҰ бәсекеге қабілеттілігі: табыстар факторы, тәуекелдер мен болашағы» тренингін өткізеді.

Мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың даму мәселелері және қызметі туралы білім мен дағды деңгейін оның әлеуетін арттыру және әлеуметтік қызметтер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін көтеру. 

Қазақстандағы үшінші сектордың дамуы 20 жылдан артық уақытты құрайды. Дегенмен, осы орайда азаматтық қоғамның үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) сияқты түрінің дамуына ерекше назар аударылған болатын. «ШҚО әділет департаменті» ММ ресми мәліметтері бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1305 ҮЕҰ тіркелген және оның 47%-ы қоғамдық бірлестік, 5%-ы заңды тұлғалар бірлестігі, 27%-ы мекеме және 21%-ы қор түрінде (2015 жылдың мәліметтері).

Бүгінгі күні ҮЕҰ «көкжиегін кеңейтуді» қажет етеді, жаңа әдістер мен технологияларды меңгеру, мақсаттар мен бағыттарын қайта қарастыру, өз орнын іздеп, шектеусіз ресурстар көлемі  шарттарындағы бәсекеге қабілеттілігін өсіруді талап етеді. ҮЕҰ отырған ызметтер нарығы да бір орнында тұрған жоқ, бүгінгі қызметтер ертең мүлде басқа болып өзгеруі мүмкін. Осы қызмет тактикасын таңдап алған ұйымдар осындай оқиғаларға дайын болмаса, ұйымды дамыту мәселелеріне, тұрақтылықтың жаңа формаларын іздемесе, олар басқа ҮЕҰ бәсекелесттікке түсе алмайды және әлеуметтік қызметтер нарығынан кетуге тиіс болады.

Тренинг теориялық блоктар мен белсенді практикалық жаттығуларды қамтыған, қоршаған ортаға талдау жасау, қажеттіліктерге талдау жасау, бәсекелестік артықшылықтарға, ҮЕҰ портфеліне талдау жасау және т.б.

Іс-шара келесі мекенжайда өтеді: Өскемен қ., Орталық кітапхана жүйесі, Е.П.Славский атындағы жағалау, 22 (10.00-ден 18.00-ге дейін).

 Аккредитация мәселелері бойынша Евгения Шрейберге хабарласуларыңызға болады: +7(7232) 51-33-88, ұялы. +7 705 620 75 86, e-mail zubr-kz@mail.ru

Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ мемлекеттік гранты бойынша «Шығыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарды «бір терезе» принципі бойынша қолдау үшіназаматтық орталықты ұйымдастыру және дамыту» жобасы  аясында.

481

Related Post

Оценка Вклада НПО: международная практикаОценка Вклада НПО: международная практика

     Друзья, коллеги, продолжаем разговор на тему ОЦЕНКИ ВКЛАДА НПО в социально-экономическое развитие. В этом посте мы хотели бы Вам показать, как эта система работает в отдельных странах ОЭСР.

«Свежий взгляд на Третий сектор»«Свежий взгляд на Третий сектор»

   Проект* с таким названием реализует СКФ «ЗУБР» на территории Восточного Казахстана. Как возникла идея?  И почему «свежий взгляд»?      История развития Третьего сектора в Казахстане насчитывает более 20

Методическая встреча по обменным визитам (анонс)Методическая встреча по обменным визитам (анонс)

Дорогие коллеги и друзья!Приглашаем вас на онлайн-методическую встречу, посвящённую конкурсу об обменных поездках для НПО и гражданских активистов Восточно-Казахстанской области. 📅 Дата: 28 мая🕚 Время: 10:00📍 Формат: онлайн На встрече