г. Усть-Каменогорск, Бориса Александрова 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы. Әдістемелік орталық өз жұмысын бастайды

Ұлтаралық келісім мен қазақстандық сәйкестік туралы. Әдістемелік орталық өз жұмысын бастайды

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры негізінде ағымдағы жыл бойы қазақстандық сәйкестік пен  ұлтаралық келісімді нығайту және қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-оқыту кампаниясын қарастыратын Әдістемелік орталық әрекет ететін болады (жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылады).

 Аталмыш жоба аясында ұлтаралық келісім мен бірлік мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік беретін  іс-шаралар кешені қарастырылған.

 Ақпараттық-оқыту кампаниясы аясында «Азаматтық бастамалар мектебі: шығу тегі түрлі, мүмкіндіктері бір»  семинар-тренингтері, Шығармалық зертханалары мен Қоғамдық пікірталастар, әлеуметтік желілерде өзін қауіпсіз ұстау мәселелері бойынша ТжКББ  мекемелері мен ЖОО студенттерінің қатысуымен түрлі кездесулер қарастырылған. Іс-шаралардың өткізілу мерзімі қосымша хабарланып отырылады.

 Жобаның екінші құрамдасы, ақпараттық-әдістемелік бөлім бейнесабақтар, қалта анықтамалықтарын, әлеуметтік шиеленістерді реттеуге бағытталған жадынамаларды, тақырыптық PR-өнімдерді, жастар және тұрғындармен жұмыс істеуге үйрететін түрлі әдістемелік материалдарды шығару  мен жоба барысы туралы мақалалар жазуды қарастырады.

Жобаның іс-шараларына қатысу үшін мемлекеттік сала, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық үйлері, ҮЕҰ, жастар орталықтары, Қоғамдық кеңестер, Қоғамдық келісім кеңестерінің өкілдері және қоғамдық пікір көшбасшылары шақырылады. 

Жобаға қатысуға ниет білдіргендер «ЗУБР» әлеуметтік корпортаивтік қорының кеңсесіне Кнауб Екатеринаға хабарласа алады:   телефоны 8 (7232) 51-33-88 немесе электрондық поштасы zubr-kz@mail.ru.

425

Related Post

Как пользоваться Социальным калькуляторомКак пользоваться Социальным калькулятором

Уважаемые друзья, коллеги! Предлагаем Вашему вниманию видео инструкцию «Социальный калькулятор». Мы постарались подробно показать и рассказать, как пользоваться этим ресурсом. Нужные Вам расчеты можно сделать, не выходя из дома в

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілеттілер бұл…

2018 жылдың тамызында Қазақстанның мемлекеттік органдарында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды тұлғалар пайда болды. Бұл шараның мақсаты мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету 

В Усть-Каменогорске прошла экспертная встреча организаций поддержки бизнесаВ Усть-Каменогорске прошла экспертная встреча организаций поддержки бизнеса

Руководители и представители консалтинговых организаций, профсоюзов, ассоциаций предпринимателей, фондов поддержки и развития предпринимательства ВКО, а также независимые консультанты встретились 3 апреля 2014г., чтобы обсудить актуальные проблемы, тенденции, перспективы развития в