12 наурыз (бейсенбі) күні сағат 11:00-де Zoom платформасында өтетін онлайн оқыту консультациясына шақырамыз!
Консультацияда қарастырылатын сұрақтар:
- Жыл сайынғы есепті тапсыруға қалай дайындалу керек
- Порталда жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі
- Деректерді толтыру кезінде қандай жайттарды ескеру қажет
- Процесс барысында қандай қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін
Қатысу үшін WhatsApp арқылы +7 707 650 43 80 нөміріне жазыңыз.
Консультация ҮЕҰ дерекқорына жыл сайынғы есепті тапсыруға жауапты ҮЕҰ басшылары мен қызметкерлері үшін пайдалы болады.
Іс-шара «Шығыс Қазақстан облысының азаматтық бастамаларын қолдау ресурстық орталығы» жобасы аясында жүзеге асырылады. Жоба «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «ЗУБР» ӘКҚ іске асырылуда.