г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қамтамасыз ету

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қамтамасыз ету

«ЗУБР» консалтинг орталығы ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам комитетінің тапсырысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асыруға кірісті.

 

Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінде тұтастай алғанда жүйе ретінде, мемлекеттік қызметшілердің бәсекеге қабілеттілігі мен олардың кәсіби құзыреті маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең маңызды факторлардың бірі мемлекеттік қызметшілерді сапалы дайындау болып табылады.

«Үкіметтік емес сектордың өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызметшілерге не бере алады?» деген сұрақ туындайды.

 

Ал біздің жобамызда кәсіби шеберліктің деңгейін жоғарылатудың практикадан бөлек тұрған теориялық көзқарастардан мақсатты түрде алшақтаймыз. Оқу үрдісінің ерекшелігі — бұл іс-шараға қатысушылар лекция тыңдаушылары емес, оқудың ең басынан бастап практикалық жұмысқа тартылатындығы болады.

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс — мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың тиімді механизмі ретінде» атты алғашқы пилоттық тренинг Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызметкерлерінің  20 өкілі үшін өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Үкіметімен мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға, сондай-ақ ҮЕҰ секторына көшіру бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.

Осылайша, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі бір функцияны беруді дайындады — бұл мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, кеңес беру, әдістемелік көмек беру болып табылады.

Жоба командасының байланыстары:

Өскемен қаласы

«ЗУБР» консалтингтік орталығы

Zubr.ukg@gmail.com

8 7232 51 33 88

 

Васильева Наталья

41

Related Post

Проведено исследование по изучению социально-экономического портрета студентов вузов ВКОПроведено исследование по изучению социально-экономического портрета студентов вузов ВКО

В настоящее время в связи с высокими темпами экономического и технического прогресса особенно важным стал вопрос адаптации студентов к изменяющимся условиям рынка труда. Социальным корпоративный фондом «ЗУБР» проведено комплексное исследование

Экспресс-опрос для женщин восточного регионаЭкспресс-опрос для женщин восточного региона

Уважаемые женщины, девушки, девочки! Приглашаем Вас принять участие в экспресс-опросе, который позволит объективно оценить соблюдение прав женщин в нашем регионе. Опрос займет не более 10 минут. Ваше мнение очень важно

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруда қолданылатын ақпарат көздеріМемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруда қолданылатын ақпарат көздері

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру кезінде кемінде үш тараптың: мемлекеттік органдардың, халықтың және ҮЕҰ мүдделері ескерілуі тиіс. Әрқайсысының қажеттіліктерін ескеру жетістікке жету ықтималдығын арттырады. МӘТ нәтижелерін қалыптастыру, іске асыру мониторингі және