Қазақстанда азаматтық қоғамды қолдап, дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін көптеген бағдарламалар іске асырылуда. ҮЕҰ мемлекет пен қоғам арасында делдал болып, үкімет жоспарлаған іс-шараларды жүзеге асырады. Бірақ, олардың өздеріайтқандай, сеніңіз, бірақ тексеріңіз!
«ЗУБР» консалтинг орталығы Қазақстан Республикасының діністеріжәнеазаматтық қоғам министрлігінің азаматтық қоғам комитетінің тапсырысы бойынша «Орталық және Шығыс аймақтарда (Астана, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында) 2018 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруды мониторингілеу»жобасын іске асыруға кірісті.
Жобаның негізгі мақсаты — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша уақтылы және жедел шаралар қабылдау болып табылады.
Жоба ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікжасауға бағытталған. Біз үкіметтік емес сектордың жобалық қызметіндегі кемшіліктерді тексеретін аудиторлар ретінде әрекет етпейміз, бірақ жобаларды іске асыруда ортақ тәсілдерді әзірлеу, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бақылау әдістерін енгізудегі озық тәжірибелерді бөлісу үшін аймақтардағы тапсырыс берушілермен және тапсырыс орындаушыларменбірлесіп әрекет етеміз.
Іс-шара барысында біз мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін жетілдіру және жалпы алғанда жергілікті жердегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мүмкіндігін іздестіреміз. Біз жоба сарапшыларына, үкіметтік емес сектордың көшбасшыларына, бей-жай емес адамдарға «қосылуға» қуаныштымыз!
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде көрсетілетін қызметтер сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері бойынша жобаға қатысушы әрбір өңір үшін қызмет алушылардың қанағаттану дәрежесі туралы пікір қалыптастырылады және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс сапасын жақсарту үшін ұсынымдар мен ұсыныстар жасалады.
Жоба командасының байланыстары:
Өскемен қаласы
«ЗУБР»консалтингтік орталығы
8 7232 51 33 88
Васильева Наталья