г. Усть-Каменогорск, Красина 12/4

Некоммерческий холдинг ЗУБР Новости Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі

Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры (Өскемен қ.) Канадалық Жергілікті Бастамалар Қорының қолдауымен «Әйелдердің экономикалық тәуелсіздігі – болашақ ұрпақтың табыстылығының кепілі» жобасын іске асыруды бастады.

Жобаның негізгі мақсатыәйелдердің жеткілікті өмір сүру деңгейіне (еңбек құқықтарын, әлеуметтік қамсыздандыру құқығын, кәсіпкерлікті қоса алғанда) өз құқықтарын іске асыру бойынша мүмкіндіктерін кеңейту, жасөспірімдік жастан бастап ауыр өмірлік жағдайлардың туындау тәуекелдерінің алдын алу   болып табылады.

Осы жоба туралы идея қайдан пайда болды?

 Әйелдердің өз бетінше табыс табудағы  еңбек құқықтары мен мүмкіндіктерін іске асыру кезіндегі неғұрлым осал жағдайы, белгілі бір өмірлік жағдайларда одан сайын күрделене түседі: жүкті әйелдер, жас балалардың немесе мүгедек балалардың аналары, көп балалы аналар, жалғыз басты аналар және т. б.

Мұндай әйелдер үшін жұмысқа шығуға объективті мүмкіндік болмағандықтан, мемлекеттен қандай қолдау алуға құқығы бар, қайда жүгінуге болатыны туралы да хабардар бола бермейді. Ал ҚР-дағы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі өтініш беру сипатына ие, яғни қолдау тек жүгінген жағдайда ғана көрсетіледі.

 Қаржылық жоспарлау дағдыларының болмауы (тіпті тұрмыстық деңгейде), жеке қаржылық шешімдердің тәуекелдерін бағалау, олар үшін жауапкершілікті ала алмау жағдайды нашарлатады. Тұрмыстық мәселелерге алаңдаған әйелдер тәуелсіз табысты ұйымдастырудың мүмкіндіктерін көрмейді.

Көбінесе әйелдер кез-келген жағдай туралы ол орын алғанға дейін  және тәуекелдерді азайтуға әлі  мүмкіндік бар кезде ойламайды.

Қиын өмірлік жағдайда, қазіргі әлеуметтік-құқықтық ортада жүрген әйелдер жеткілікті өмір сүру деңгейіне өз құқықтарын толық көлемде іске асыра алмайды!

Жоба кімдерге арналады?

  • Еңбекке жарамды әйелердер (оның ішінде  ауылды жерде тұратын және өзін өзі асырап отырғандар), жүкті, бала күтімімен отырған әйелдер 
  • Өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы аналар 
  • Баласын жалғыз өзі асырап отырған аналар 
  • 16-жастан асқан қыздар 

Сондай-ақ, осы мақсатты топтармен жұмыс істейтін немесе жұмыс істеуді жоспарлап отырған ҮЕҰ, бастамашыл топтарға, жергілікті қауымдастық көшбасшыларына арналады.

Не істейміз?

  • Еңбек пен әлеуметтік қамтамасыз етуге құқықтарды жүзеге асырудың заңнамалық шарттарын зерттейміз 
  • «Әлеуметтік калькулятор» онлайн-қызметін жасап, оны тестілейміз 
  • Келесі тақырыптық блоктар бойыншаоқыту семинарларының қатарын өткіземіз: әмбебап біліктіліктер, құқықтық сауаттылық, әлеуметтік қаржылық сауаттылық, кәсіпкерлік 
  • Бүгінгі таңдағы әлеуметтік қамтамасыз етуге құқықтар, тәуекелдер мен мүмкіндіктер жәнееңбек құқықтары бойынша Гайд шығарамыз 

Мұнымен бітпейді…Біз сіздерді жобаның іс-шаралары туралы ақпараттандырып отырамыз!

Серіктестікке әзірміз!

 

Байланыс нөмірі:

8 776 473 44 88

Васильева Наталья

«ЗУБР» ӘКҚ кеңесшісі

 

169

Related Post

Оценка вклада НПО в СЭР:итоги проектаОценка вклада НПО в СЭР:итоги проекта

Уважаемые коллеги, дорогие друзья! Однажды Махатма Ганди сказал: «Если желаешь, чтобы мир изменился, — сам стань этим изменением».   Мы живем в эпоху постоянных изменений… за некоторыми наблюдаем, некоторые создаем

Модель интегрированных специальных социальных услуг — мультипликация опытаМодель интегрированных специальных социальных услуг — мультипликация опыта

Дорогие друзья! Представляем Вашему вниманию новый продукт СКФ «ЗУБР» — серия видео-уроков по вопросам внедрения и апробации интегрированной модели специальных социальных услуг в Казахстане.  В данных материалах Вы сможете найти сжатую

Оказание информационной, консультационной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующем государственный социальный заказОказание информационной, консультационной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующем государственный социальный заказ

Консалтинг-Центр «ЗУБР» приступил к реализации проекта «Оказание информационной, консультационной, методической поддержки государственным органам, формирующим и реализующем государственный социальный заказ» по заказу Комитета по делам гражданского общества Министерства по делам религий